Семей қаласының әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалды

Семей қаласында алғаш рет әкім тікелей сайлау арқылы таңдалды. Бұған дейін қала басшылары тағайындау негізінде қызметке келген еді. Бұл – жолғы саяси науқан елдегі демократиялық жаңғырудың нақты көрінісі. Бұған дейін тұрғындар аудан әкімдерін сайлау тәжірибесінен өткен болатын. Енді, міне, ел сенім білдіріп, ірі қала деңгейінде өз таңдауын жасады.
———————————————