Алматы облысындағы Күрті ауылдық округінде «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге асып жатыр. Аталған игі істі аудандық ардагерлер және аналар кеңесі мүшелері, Күрті ауылдық округі әкімдігі мен Іле аудандық ішкі істер басқармасы бірлесіп қолға алды. Мамандардың айтуынша, елімізде үш қылмыс жасалса, соның біреуі спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтыну салдарынан туындайды. «Арақсыз ауыл» жобасы Қарағанды, Ақтөбе, Жетісу облысында да сәтті жүзеге асып жатыр. Ал Алматы облысы бойынша алғашқы болып Ақши ауылы қолға алынды. Ауыл тұрғындары бұл бастаманы қуана құптады. Содан бері Ақши елді мекеніндегі дүкенде алкоголь өнімдерінің орнына ұлттық сусындарымыз қымыз бен шұбат сатыла бастаған.
ЕРТІС ТОҚТАРОВ, ІЛЕ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Бауыржан атамыз айтқан «тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сияқты осы елімізде, жерімізде, ауылдық жерлерімізде тек қана тыныштығын сақтап, қылмыстың алдын алу мақсатында, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында СКЛ осы ауылға келіп, жобаны қолға алып жатқан бетіміз бар. Ауыл тұрғындары бәрі 100 пайыз қолдап, аналарымыз да, аталарымыз да, сол жобаны іске асырудамыз.
ГҮЛМИРА КЕРІМБЕКОВА, САТУШЫ:
— «Арақсыз ауыл» жобасын қолдаймын. Негізі өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені біздің жастарымыздың болашағына ол арақтың ешқандай келіп-кетер пайдасы жоқ, зияны болмаса деп өз басым ойлаймын. Біздің магазинде арақ сатылмайды. Біз тек қана шұбат, өте пайдалы өнімдер сатамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.