Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АСА ҚАУІПТІ САПАР
Алматы облысы Жалпақсай ауылында 13-тегі жасөспірім рөлге отырып, жол апатына ұшырады. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, бала ауруханаға жеткізілді.
БАСЫН БӘЙГЕГЕ ТІККЕН
38 жастағы Шымкент тұрғыны 26 қаламды жұтып, ауруханаға түсті. Досымен бәстесудің соңы екі сағаттық операциямен аяқталды.
ҚАРАШАҒА УӘДЕ
Қарағандыда жазда басталған жол жөндеу жұмысы аяқсыз қалған. Бұған жүргізушілер мен тұрғындар наразы. Әкімдік қарашаның қара суығына дейін жолды тапсырамыз деп уәде берді.
ИНКЛЮЗИЯҒА ЖАҢА ҚАДАМ
Алматыда алғаш рет инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өтіп жатыр. Сарапшылар үш күн бойы білімді баршаға қолжетімді етудің амалын іздейді.
8 ЖАСАР ШЕБЕР
Телефонға Тик-ток қарап, телмірмейді. Құрылғыны жөндеп, табыс табады. Түркістан облысында 8 жасар бала телефон жөндеп, ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.