Астанада риноопластика жасатқан қыз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр

Астанадағы жекеменшік клиниканың бірінде мұрнына риноопластика жасатқан 22 жастағы қыз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр. 1 миллион 400 мың теңгеге жасалған операция туралы жақындары да хабарсыз болып шыққан. Қазір тәуелсіз сараптама тағайындалды. «Енді емхана тексеріледі», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Клиника шағымданған әкесіне, арызды қайтарып алған жағдайда, ем-домды жалғастыратынын айтқан. Полиция қылмыстық іс қозғады.
СЕРІК БАЕКИН, НАУҚАСТЫҢ ӘКЕСІ:
— Мен арты осыған апарады деп ойлаған жоқпын. Емделеді деп ойладым. Бұлай ұзаққа созылады деп ойлаған жоқпын. Клиниканың адамдары мойындағысы келмейді. Болған бірінші жағдай деп айтты.
———————————————