Алматы облысында жетім қызға қатысты азғындық әрекет бойынша іс қозғалды

Алматы облысында жасөспірім жетім қызға қатысты азғындық әрекет үлкен дау туды. 7-сынып оқушысы бейнеленген жазба порносайттың біріне жүктелген. Оқиға 21 қыркүйекте Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы жеке үйде болған. Бейнежазбаны блогер Сәуле Бикитеева Instagram парақшасында жариялаған. Мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшылығы жағдайды әлеуметтік желіден білген. Қазір зардап шеккен қыз баламен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл іс бойынша кәмелетке толмаған 7 оқушы күдікті екенін хабарлады. Оқиға орнына аймақтық омбудсмен және психологиялық қолдау орталығының мамандары барды.
———————————————