Қарағандыда оқушы қызды әйелдікке алған ер адам сотталды

Қарағандыда 15 жасар оқушыны әйелдікке алған ер адам 17 жылға сотталды. Ол қыз баланың өгей әкесінің танысы болып шықты. Оқушының туған әкесі полицияға шағымданып, баласын шешесі мен өгей әкесі күштеп күйеуге бергенін мәлімдеген. Бүгін даулы мәселеге нүкте қойылды. Оқиға Абай қаласында болған. Зорлықпен тұрмысқа шыққан қыз бала 5 күннен кейін әкесіне қашып барған. Оқушының ата-анасы 10 жыл бұрын ажырасып кеткен. Шешені ана құқынан айыру туралы ой айтылыпты. Бірақ сот оны құптамады. Ал сотталған ер адам зардап шеккен тарапқа 3,5 млн теңге моральдық шығынды өтеуі керек.
———————————————