Оралда «Imrat Group» қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды. Пирамидаға 30 адам 90 млн-дай теңгесін салып үлгерген. Сенімге кіру үшін өздерін Канада, Гонконг, Ұлыбританияның халықаралық инвестиция өкілдері ретінде таныстырған. Салымшылар арнайы сілтеме арқылы тіркеліп, криптовалюта әмиянына 10-20 мың АҚШ долларына дейін қаражат аударған. Сол қаражаттың күн сайын 1,5%-ға дейінгі табысын беруге уәде еткен.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Сондай-ақ Telegram-арна ашып, онда тұрақты түрде жоғары табыс пен инвестициялардың қауіпсіздігін насихаттайтын бейнематериалдар жариялап отырған. Заңсыз қызмет дер кезінде тоқтатылғанының арқасында пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 млн теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.