Президент Үкіметке экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажет шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бүгін «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Кездесуде Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды.
———————————————