Катонқарағай ауданындағы таудағы курортқа апаратын жол салынып жатыр. Ұлттық паркке жеткізетін 160 шақырымнан астам жол жөнделеді. Алайда республикадағы биіктігі 15 қабатты үймен тең көпірдің құрылысы созылып кетті. Биыл пайдалануға беру жоспарланған өткелде жобалау кезінде қателік кеткен. Әрі топырақ шөккен. Мамандар кемшіліктерді түзетіп жатыр. Жаңа жол тік жартастың арасымен өтеді. Асфальт төсегіш техника қауіпсіздік үшін жүк көліктеріне арқанмен бекітілген. Осындай тәсілмен Рахманов қайнары шипажайына дейінгі жол да салынады. Биыл өңірде республикалық маңызы бар шамамен 700 шақырым жол, соның ішінде таудағы қауіпті бұрылыстар жөнделмек.
БОЛАТБЕК НҰРАСЫЛОВ – МЕРДІГЕР:
— Географиялық жағдайы өзгешелеу. Мұнда жаз қысқа, сондықтан құрылыс маусымы да қысқа. Бұл – басты кедергі. Бірақ орны ерекше. Жанында 4500 метр биіктіктегі Мұзтау тұр, ал біз 1800 метр биіктікте жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай жағдайға бәрі бірдей шыдай бермейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.