Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында бүгін «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бәйдібек ата кесенесі мен Қос ана кесенесінің аумағы қоқыстан тазартылды. Таңғы салқынмен жүзден астам тұрғын бірлесіп, қала киелі мекен аумағын күл-қоқыстан арылтты. Сонымен қатар ағаштарды күтіп-баптап, сарғайған жапырақтарды да жинады. Қоғамдық орындарда әктеу мен сырлау жұмыстары жүргізіліп, ауылдың ажары кіре түсті. Айта кету керек, игілікті шараға «Amanat» партиясы ұйытқы болды. «Таза Бейсенбі» жобасы өткен жылдың маусым айынан басталып, апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Партияның бастамасымен облыстың аудан, қалаларында 40-қа жуық аумақта осындай игі іс қолға алынған.
ПОЛАТ ТҰРСЫНБАЕВ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Үлкен іс-шараға ауданның бірқатар мекемесі қатысып отыр. Ауданның жастары, еріктілер де келіп отыр. Оған қоса тазалық мекемелерінің барлығы келіп, акцияға атсалысып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.