Мемлекет биыл бала күтіміне 631 млрд теңге бөлді

Биыл бала күтіміне байланысты 631 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді. Бұл көмекті 475 мыңнан астам қазақстандық алған. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен республикалық бюджет есебінен жүргізілген. Мемлекет басшысы бекіткен заңға сәйкес, бірінші, екінші және үшінші балаға 149 416 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге беріледі. Жыл басынан бері 257 мыңнан астам азаматқа бала туғаны үшін жәрдемақы берілді. Оның жалпы сомасы — 46,5 миллиард теңге. Ал бала күтіміне арналған жәрдемақыны 124 мың адам алып отыр, бұл бағытқа 32,7 миллиард теңге бөлінген.
———————————————