Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ
Алматы облысында жетім қызды зорлап, бейнежазбаны біреуге сатты деп күдікке ілінген сыныптастары тергеліп жатыр. Ал зардап шеккен жасөспірімге психологиялық көмек көрсетілді.
СҰЛУЛЫҚ ҚҰРБАНЫ
Сұлулықтың сұмдығы. Астанада мұрнына әсемдік үшін ринопластика жасатқан 22 жастағы тұрғын 6 айдан бері ес-түссіз жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
СУ ӘСКЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ
Әскери акваланг, 15 келі сүңгуір шлемі және матросшылар ырымы. Ақтаудағы әскери-теңіз күштерінің кемесін көріп, әскери сүңгуірлермен сұқбат құрған тілшіміздің арнайы репортажы.
АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ
Әр түп тал – атадан қалған аманат. Абай облысында тұратын Мәуленовтер әулеті табиғатты аялаудың әдемі үлгісін көрсетіп жүр. Әулеттегі 9 ағайындының жетеуі күні-түні орманды күзетеді.
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН ҚАЛА
Спортты сүйетін қала. Астана тұрғындарының 40 пайызы салауатты өмір салтын ұстанады. Саябақта жиналып, сан түрлі жаттығу жасайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.