19 жастағы футболшы Диас Төлеудің оқыстан қаза болуына байланысты арнайы комиссия құрылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, Алматыда өткен бірінші лига матчында шабуылшы кенеттен өзін жайсыз сезініп, алаңда құлаған. Жедел жәрдем төрт минуттың ішінде қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, реанимациялық әрекетке көшкенімен, жігітті құтқара алмаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.