Аңшылыққа шыққан Мойынқұм ауданындағы төрт жасөспірімнің біреуіне- оқ тиіп, көз жұмды. Олар түнде қару алып, аң ауламақ болған. Жасөспірімнің бірі 13 жастағы серіктесін байқамай атып қалған. Абайсызда өлімге әкелу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктіні ұстады. Жасөспірімді қараусыз қалдырып, қару алуға мүмкіндік берген ата-анасына, бала тәрбиесі мен бақылау міндетін орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.