Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігінің атын жамылып жүр

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады. Алаяқтар Агенттік атынан хабарласып, өздерін «заңгер» немесе «тексеруші маман» ретінде таныстырып, «сіздің ұйымға қатысты тексеру басталды» деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратуда.
ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ:
«Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз».
———————————————