Ақтөбеде тұрақтандыру қоры үшін көкөніс қоры екі есе ұлғайды

Ақтөбедегі тұрақтандыру қорына сұраныстың өсуіне байланысты, биыл 2 есе көкөніс жиналады. Ал өнімнің сапасын арнайы комиссия тексереді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасымен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржы бөлінді. Енді келісімшарт бойынша, өнімнің бір бөлігі тауар құны өскен кезде супермаркет пен коммуналдық базарға жеткізіледі. Мәселен, сол кезде картоптың келісі 140 теңгеден саудалануы тиіс. Бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бағытталған. Бұл қаражатқа қарашадан наурызға дейін сауда сөрелеріне жеткізілетін қант, күріш және күнбағыс майы сатып алынады.
———————————————