Енді қосымша құн салығы бойынша есептен тыс қалған кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылмайды. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске салық тексерісі азайып, есептен шығару науқаны жеңілдейді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Жаңа салық кодексі бойынша, кәсіпкерлік нысандарға артық шектеулер алынған. Тек 44 қызмет түріне тыйым сақталады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық әкімшілігі микро және шағын бизнеске қатысты есептерді жаңадан бастайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.