Астанада ақылы автотұрақтарда қазіргідей сағат емес, минуттық төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы әкім Жеңіс Қасымбек депутаттық сауалға берген жауабында айтқан. Елорда тұрғындары тұрақта көлікті небәрі бірнеше минутқа қойғанның өзінде, толық бір сағат үшін төлеуге мәжбүр екенін айтып шағымданғалы қашан. Әкімнің айтуынша, Астанада шлагбаумы бар, нөмірді автоматты түрде анықтайтын фото және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған жаңа коммуналдық ақылы автотұрақтар пайда болады. Әкімдік қазір «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясымен арадағы келісімшартты бұзу рәсімін жүргізіп жатыр. Жаңа ереже тұрақтар әкімдік меншігіне өткеннен кейін енгізіледі дейді. Көлік қалдырудың құны шлагбаумы бар алаңдарда сағатына 300 теңге, ал ашық автотұрақта 100 теңге болады деген жоспар бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.