Санитарлық талапқа сай келмеген мыңдаған өнім сатылымнан шығарылды

Қазақстан нарығындағы тауарлардың төрттен бірі санитарлық және техникалық қауіпсіздік талабына сай келмейді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осылай мәлімдеді. Биыл тоғыз айда 23 мыңнан астам өнім тексерілді. Алты мыңнан астам тауардың сапасы сын көтермейді. Дұрыс таңбаланбаған. Мемлекеттік тілдегі ақпараты жоқ. Мұндай өнім сөрелерден алынды. Кәсіпкерлерге шара қолданылды. Ал тұтынушылар нені білуі тиіс?
ОЛЬГА БЕРЕЗУЦКАЯ, «ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ОДАҒЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ:
— Егер тауардағы мәлімет толық, нақты болмаса тұтынушы шығын мен өтемді талап ете алады. Ал тұтынушы түбіртек пен қаптамасын сақталмаған болса, оған көмектесу қиындау. Сондықтан бұл құжатты сақтаңыздар!
———————————————