БҚО-да метанол өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында метанол өндіретін газ-химиялық кешеннің қадасы қағылды. Бұл еліміздегі алғашқы зауыт болмақ. Құрылысқа 78,8 миллард теңге инвестиция тартылған. Жоба 2027 жылы толық аяқталып, іске қосылады. Сол кезде 500-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. Метанол – заманауи химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Түрлі тұрмыстық қажеттілікпен қатар экологиялық таза отын өндіруде де кеңінен қолданылады. Қазақстан осы уақытқа дейін ішкі өнімге қажет 80 мың тонна метанолды сырттан тасымалдап келеді. Кәсіпорынның қуаттылығы 130 мың тоннаға жетпек. Яғни ішкі сұранысты қамтумен қатар, өзге елге де экспорттауға мүмкіндік туады.
———————————————