«Еңбек түбі – береке». Дәл осы қағиданы берік ұстанған атыраулық Жолдасқали Болатқалиев пен Сағадат Хисамеденовты нағыз еңбек адамдары деуге болады. Олар машина жасау кәсіпорнында токарь және темір майыстырушы болып жұмыс істейді.
Мұқияттылық. Ұқыптылық. Тәртіп. 25 жыл темірден түйін түйген Жолдасқали Болатқалиевтің ұстанымы осындай. Ол мұнай-газға арналған жабдықтар мен металл конструкция шығаратын кәсіпорында токарь болып қызмет етеді. «Өйткені отандық көлік құрастыру кәсіпорнында әрбір бөлшекті икемге келтіріп, дайындау, жоспармен тапсырыс берушіге жеткізу аса маңызды», — дейді ол.
ЖОЛДАСҚАЛИ БОЛАТҚАЛИЕВ, ТОКАРЬ:
— Флянс, бой, галк секілді нәрселер дайындаймыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Уақытында істеп тапсырамыз.
Ал Сағадат Хисамеденов осы кәсіпорында темір майыстырады, иеді, икемдейді. Жұмыс өтілі – 45 жыл. Жұмысшы маманына сұраныс көп екенін жасырмайды.
САҒАДАТ БОЛАТҚАЛИЕВ, ТЕМІР МАЙЫСТЫРУШЫ:
— 2012 жылы келдім. Содан бері темірді майыстыратын және шабатын станокта жұмыс істейміз. Ары қарай дайындап, сырлап, өндіріске қарай жібереді.
Аға буынның ізін жалғаған жас та біраз. Еңбек адамы шәкірт тәрбиелеп, өзінің бар білгенін жастарға үйретіп жатыр. Адал еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жүрген бұл азаматтар – нағыз еңбек майталмандары. Бүгінде кәсіпорында 400-ге жуық жұмысшы табанды еңбек етіп келеді. Әрқайсысы өз саласының маманы ретінде өндірістің өркендеуіне үлес қосып жүр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.