Риддер маңында аюлар азық іздеп, елді мекенге кіре бастады

«Риддер қаласына іргелес саяжай тұрғындары күтпеген қонақтан қорқып, полиция шақыруға мәжбүр. Қоңыр аю үйді жағалап, қоршауды бұзып, азық іздейді екен. Қазір тұрғындар қолдарына бір-бір дауыс зорайтқыш ұстап, үркіту амалын тапқан. Шығыстағы орманда биыл жидек тым сирек. Ал ауыл маңындағы жабайы қоқыс алаңы дала жануары үшін таптырмас орын болып тұр. Экология министрлігі өңірде аю 4, 5 мыңға жетті деп ресми дерек келтірді. Бір жыл бұрын аң басы екі есе кем болған. Биыл аңшыларға сұр аюды атуға 185 рұқсат берілген.
———————————————