Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛАҒА ОҚ ТИДІ
Түнгі аңшылыққа шыққан төрт жасөспірімнің біреуіне оқ тиіп, көз жұмды. 13 жастағы бала қаруды қайдан алған?
МАТЧТАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒА
Алматыда аяқдоп айқасы кезінде 19 жастағы футболшы қаза тапты. Дәрігерлер алғашқы мәліметті жария етті.
МОРАТОРИЙ ЕНГІЗДІ
АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы енді көтерілмейді. Үкімет бензин мен коммуналдық қызмет бағасын өсіруге мораторий енгізді.
ӨНДІРІС ШЕБЕРЛЕРІ
Еңбек адамдары өндірістің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Бірі темір майыстырады. Екіншісі – токарь. Атыраудағы машина жасау кәсіпорнындағы кейіпкерлермен тілшіміз таныстырады.
ҚОҢЫР АЮ ҚОНАҚТА
Риддерде қоңыр аю көбейіп, елді мекенге кіре бастаған. Күтпеген қонақтан полицей және дауыс зорайтқыш құтқарып тұр. Жыртқыштың ауылды жағалауына не себеп?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.