Көкшетауда жүргізуші полициядан қашамын деп жол апатына ұшырады

Полициядан қашамын деп жол апатына ұшырады. Көкшетауда жүргізуші түн ішінде көше тыныштығын бұзды. Бұзақы алысқа барған жоқ, қолға түсті. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, ол мас болған және бұрын заң бұзғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Енді «қашқынның» тағдырын сот шешеді.
———————————————