Шымкенттегі ауруханада сырқаттар еденде жатып ем алуға мәжбүр

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында орын тапшы. Дәрігерлер сырқаттарды еденде емдеуге мәжбүр. Әлеуметтік желіде адамдардың дәлізде жатқаны бейнеленген жазба жарияланды. Қала әкімдігі бұл жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған уақытша келеңсіздік екенін айтты.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір 10 бөлімшенің сегізі тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Ал пациенттерді дәлізде уақытша орналастыру санитарлық нормаларды бұзбайды. Дегенмен осы мәселе жария етілген соң, дереу шешіліп, барлық науқас палаталарға орналастырылды.
———————————————