Алматыда желшешек жұқтырғандар саны 40 пайыздан асқан. Өткен 9 айда 180 бала дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың дені – оқушылар. Әсіресе төменгі сынып балалары көп. Желшешекке қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілмеген. Сондықтан ағзаның оған қарсы бейімделуі ауырып, жазылған соң ғана қалыптасады. «Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда бұл ауруды жұқтырғандар саны анағұрлым көп емес», — дейді мамандар.
ҚАРЛЫҒАШ ӘБДІРАХМАНОВА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қала тұрғындарының санының өсуіне байланысты, балалардың да саны артуда. Соған қарай былтырғы жылға салыстырғанда 38 пайызға көтерілгенімен, ол критикалық жағдай туындатпайды. Қазіргі таңда бізде реанимацияда желшешекпен аурып жатқан бала жоқ және ондай жағдай тіркелмеген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.