Елордада мұрнына операция жасатқан 59 жастағы әйел адам көз жұмды. Дәл осыған ұқсас оқиғаны өткен жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Қостанайдан келген 22 жастағы пациент ринопластикадан кейін комаға түскен. Есін жимағанына жарты жыл болды. Екі операция да елордадағы жекеменшік клиниканың бірінде жасалған болып шықты. Осы қайғылы жағдайдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, клиниканың маусым айында медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмағаны анықталды.
ҚР ДСМ МФБ КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Тексеру нәтижелері бойынша материалдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 685-бабына сәйкес, құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана қаласының Полиция департаментіне жолданды. «Medina Plastic Surgery» ЖШС-нің №25022137 мемлекеттік медициналық қызметке лицензиясы (2025 жылғы 17 маусымда берілген) лицензияланатын қызметтің түрлері бойынша 2025 жылғы 28 тамызда уәкілетті органның шешімімен тоқтатылды».
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.