2 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен мәслихат депутаты тергеліп жатыр

Шығыста құрылысқа бөлінген 2 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен мәслихат депутаты тергеліп жатыр. Онымен бірге «Каз констракшнс» компаниясының бұрынғы директор орынбасары да қамауға алынған. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Каз констракшнс» Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының жеті ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысын бастаған. Алайда шенеуніктер мен мердігер компания өкілдерінің заңсыз әрекетінен төрт дене шынықтыру сауықтыру кешені мен жеті ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған желілер пайдалануға берілмеген. Қазір екі күдікті де қамауда отыр.
———————————————