Атырау облысы Құрманғазы ауданында орталық стадионның құрылысы тоқтап тұр

Атырау облысы Құрманғазы ауданында орталық стадионның құрылысы тоқтап тұр. Реконструкциялау жұмысы 2022 жылы басталған. Мердігердің салғырттығынан жұмыс орта жолда іркілген. Жоба құны – 922 млн теңге. Жалпы, екі қабатты ғимарат 500 орындық көрерменге арналған. Қазір құрылыстың тек 70 пайызы аяқталған. Жергілікті билік мердігермен келісімшартты бұзып, сотқа берді. Енді қалған жұмыстың шығынын есептеп, қайта конкурс жарияламақ. Жауапты мамандар: «Орталық стадион құрылысын келесі жылы аяқтаймыз», — деп отыр.
———————————————