Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілуде. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан біздің Президент күтіп алды. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар екі президент Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық ерекше маңызға ие. Әзербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметінше, биыл алғашқы сегіз айда екі арадағы тауар айналымы 547 миллион АҚШ долларынан асқан.
———————————————