Шикізаттық емес сала ЖІӨ-нің 12,4% құрайды

2019 жылдан бері Қазақстан экономикалық бағытын кезең-кезеңімен өзгертіп келеді. Бүгінде жалпы экономикалық өсімнің шамамен 70 пайызын шикізаттық емес салалар қамтамасыз етіп отыр. Соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібінің көлемі екі есе артып, ішкі қосылған құнды 17 трлн теңгеге дейін өсірді. Қазір бұл саланың үлесі Жалпы ішкі өнімнің 12,4 пайызын құрайды. Сала биылдың өзінде, 6 пайызға жеткен және әрі қарай да өсім көрсетуде.
———————————————