«Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады

«Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Қорғаныс министрі мен «Отбасы банк» басқарма төрағасының кездесу нәтижесінде белгілі болды. Жиында бастапқы жарна мен несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, бұрынғыдай екінші деңгейлі нарықтан баспана сатып алу мүмкіндігін қайтару ұсынылды. Нәтижесінде, тараптар тұрғын үй мәселелерін бірлесе шешуге келісті.
———————————————