Риддерде қайтарылған активтер есебінен салынған аурухананың құрылысы аяқталуға жақын

Риддер қаласында қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан көпсалалы медициналық кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның іргетасы 5 жыл бұрын қаланған. Алайда жоба құнының қымбаттауына байланысты шаруа созылып кеткен еді. Жұмысты аяқтауға арнайы қордан 28 млрд теңге бөлінді. Көп ұзамай 500 адамды қабылдайтын емхана мен 200 орындық стационар халық игілігіне беріледі. Осылайша, басы ауырып балтыры сыздағандар облыс орталығына сабылмайды.
ДУМАН РАХМЕТҚАЛИЕВ – РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Кадр тапшылығы өзекті. Қазірдің өзінде 59 маманның орны бос тұр. Сондықтан болашақта мұғалімдермен қатар аурухана қызметкерлерін де баспанамен қамту ойымызда бар.
———————————————