Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар арасында шахматтан Олимпиада басталды

Бүгін елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар арасында шахматтан екінші Олимпиада басталды. Ақылдылар сайысына 29 елден 34 команда қатысып жатыр.

Астанадағы Паралимпиада жаттығу орталығы бүгін әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың басын қосты. Шахматтан өтіп жатқан байрақты бәсекеге 29 елден 34 команда қатысып жатыр. Турнир «төртке төрт» форматында өтеді.

ЕРЛАН ҚАРИН – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
– Қазақстан тең мүмкіндіктер қоғамын құруға барынша күш салып келеді. Шахмат біздің мәдени болмысымыздың және күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуда.

Жарыстың басты мақсаты – шахмат арқылы шекара мен шектеуді жою. Қазақстан бұл турнирге бір емес, бірден үш құрамамен қатысып отыр.
———————————————