Ертең Алматыда «Қайрат» пен «Пафос» матчы өтеді. Ауқымды шара қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшпек. Аяқдоп айқасы әдеттегідей Орталық стадионда болады. Бұл – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші туры. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады. Ал матч алдындағы дайындық қандай? Отандық ойыншылар Кипрдың аяқдопшыларына қаншалықты төтеп бере алады? Сарапшы пікірін тыңдайық.
ДӘНИЯР КӘРІМЖАНОВ, СПОРТ КОММЕНТАТОР:
— Менің ойымша, келесі ойында «Қайрат» жеңеді. Неге десеңіздер, «Қайрат» осы маусымда мықты командамен ойнады. «Қайраттың» ойыншылары сәл тәжірибе жинап алған сияқты. Өздері күштеріне сенетін болған. Жеңіс күтемін. Менің ойымша, есеп 2:1 болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.