Елордада мұрнына операция жасатқан әйел адам көз жұмды | 20.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СЫРҚАТ ЕДЕНДЕ ЕМДЕЛЕДІ
Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында орын жоқ па? Дәрігерлер сырқаттарды еденде емдеуге мәжбүр. Әлеуметтік желіде адамдардың дәлізде жатқаны бейнеленген жазба жарияланды.

ЖЕЛШЕШЕК ӨРШІДІ
Алматыда балалар арасында желшешек көбейді. Дәрігерлердің айтуынша, тоғыз айда осы індет жұқтырғандар саны 40 пайызға жақындаған. Ауруы асқынған 180-нен астам бала ауруханаға жатқызылды.

ҚҰРЫЛЫС КІЛТ ТОҚТАДЫ
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Орталық стадионның құрылысы тоқтап қалды. Нысанды қайта құрылымдау үш жыл бұрын басталған. Жоба құны 1 млрд теңгеге жуықтайды. Құрылыс бөлімі жұмысы сылбыр мердігерді сотқа берді.

ҚЫЛМЫС ЖОҚ
Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан елді мекен саны 21-ге жетті. Жалпы «Байсалды ауыл» жобасына қызығушылық көп. Өйткені ащы судан бас тартқан ауылдарда қылмыс азайған.

«ҚАЙРАТ» – «ПАФОС»
Ертең тағы да «Қайраттың» сыналар шағы. Отандық ойыншылар Кипрдың аяқдопшыларына қаншалықты төтеп бере алады? Сарапшы пікірін тыңдаймыз.
———————————————