Түркістан облысында 15 жастағы қыз босанды: күдікті – 71 жастағы туысы

Түркістан облысында оқушы босанды. 15 жасар қыз баланы 71 жастағы туысы зорлаған болып шықты. Оқиға Келес ауданында болған. Ата-анасы қызының жүкті екенін жеті ай толғанда бір-ақ біліпті. Бірден полицияға шағым түсірген. Ал ауыл тұрғындары күдіктінің отбасын түгел жер аударуды талап етіп отыр. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
МҰРАТ ҚАБДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————