Қарағандылық бойжеткеннің есепшоты арқылы 14 млн теңге жылыстатылған

Қарағандылық бойжеткен көшедегі фотосессиядан соң алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінді. Оның есепшоты арқылы бір тәулікте 14 млн теңге жылыстатылған. Ал күдікке ілінген қарағандылық ол кезде ауруханада операция жасатқанын және бұл іске еш қатысы жоқ екенін алға тартады. Сала мамандары: «Бұл аударым өзге қондырғы арқылы жасалған», — дейді. Қылмыстық іс Тараз қаласында қозғалған. Себебі зардап шеккендер сол жақта тұрады.
АРТЕМ БОГДАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ТҰРҒЫНЫ:
— Бейтаныс қыз бізді фотоға түсіре бастады. Сосын біздің нөмірімізді сұрап, сурет жіберемін деді. Тоғызы күні әйеліме операция жасалды. Маған Тараз қаласынан поицейлер қоңырау шалып, оның алаяқтыққа қатысы бар екенін, оған ірі көлемде ақша аударылғанын және зардап шеккендерден арыз түсіп жатқанын хабарлады.

МЕЙРАМҒАЛИ МЫРЗАЛИПОВ, ЗАҢГЕР:
— 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, дропперлерге қатысты яғни, бір шоттан өзге шоттарға аударым жасаудың жаңа жауапкершілігі енгізілді. Ең соңында, мұндай аударылымдар тікелей алаяқтарға түсіп отыр. Бұл жүйеге нақты кімнің қатысты екенін бүркемелеу үшін алданғандарды пайдаланып отыр.
———————————————