Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты.
Қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа шынайы ризашылығын білдіріп, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Жалпы KIA Qazaqstan зауытын салу туралы шешім 2023 жылы қабылданған. Кәсіпорын Қостанай қаласының индустриялық аймағында орналасқан. Зауыт жылына 70 мың көлік өндіре алады. Инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге. Кәсіпорында 1500 жұмыс орны ашылған. Ал оның өнімі Қазақстанға, Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына шығарылады. Тағы бір жаңалық, енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.