Алматыда Қазақстанның тұрақты дамуына арналған тәуелсіз конференция өтті. Бизнесмен, қаржыгер, сарапшы және мемлекеттік қызметші осы салада түрлі ой өрбітті. Жиында мамандар бәсекеге қабілеттілікті арттырып, инвестор тартудың тиімді жолдарын қарастырды. Жалпы, бұл жасыл бастамаларды дамытып, серіктестердің сенімін арттыруға бағытталған алаң. Шараны Kursiv ESG Conference ұйымдастырып отыр.
АНАСТАСИЯ НОВИКОВА, KURSIV MEDIA БАС ДИРЕКТОРЫ:
— ESG – бұл негізгі үш бағытқа бағдар беретін жүйе. Негізгісі – экология, адами ресурсқа мән беру. Одан кейін корпоративтік басқару. Бірнеше жыл бұрын бизнесмендер мұны қосымша міндет деп қараған еді. Бірақ уақыт өте келе бұл жүйе тиімділігін көрсетті. Бүгін соның нәтижелері туралы ой өрбіткіміз келді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.