Түркістан облысында 15 жасар оқушыны 71 жастағы туысы зорлаған | 21.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРТ КҮДІКТІ
Келес ауданында келеңсіз жағдай. Түркістан облысында 15 жасар оқушыны зорлаған күдікті қамауға алынды. Ол қыз баланың 71 жастағы туысы болып шықты. Енді ауылдастары күдіктіні жер аударуды талап етіп отыр.

АЙЛАСЫН АСЫРДЫ
Алаяқтың айласы тағы түрленді. Бұл жолы суретке түсіреміз деген желеумен, биометриялық мәліметке қол жеткізгендер ұстатпай отыр. Енді несие өзгенікі екенін дәлелдей алмаған азамат дроппер ретінде күдікке ілінді.

VOWIFI КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ
2027 жылға қарай халық 100% интернетпен қамтылады. Ал келесі жылы ғаламтор нашар ұстайтын жерлердің мәселесін шешетін VoWiFi технологиясы іске қосылады. Үкіметте осылай айтылды.

АЯГӨЗДЕГІ ӘСКЕР
Аягөздегі әскери бөлімнен тың ақпарат. Арнамыздың түсіру тобы отан қорғаушылардың тыныс-тіршілігін тікелей эфирде ортаға салады.

ӘКЕ МЕН БАЛАНЫҢ ЕРЛІГІ
Ақмола облысында әкесі мен баласы өртеніп жатқан үйден үш сәбиді аман алып шықты. Аналары жұмысқа кеткенде тілсіз жау тұтанып, бес бала от құшағында қалған. Екеуі ілбіп шығып, көршіден көмек сұрапты.
———————————————