Атырауда сәбилі отбасы күл-қоқыстың ортасында өмір сүріп келген. Санитарлық эпидемиологиялық сала мамандары осындай сұмдыққа тап болды. Төртінші қабаттағы пәтердің есігін ашқанда күлімсі иістен тұншығып қала жаздаған. Толған қоқыс пен қаптаған жәндік және қолқаны қабатын жағымсыз иіске көршілері шағымданған. Мамандар отбасына «Плюшкин синдромы» деген диагноз қойды. Отбасы мүшелерін полицейлер алып кетті, ал сәбиді тиісті мекемеге тапсырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.