Шығыс Қазақстан облысындағы 123 ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. Мәселен, Марқакөл ауданындағы 10-нан аса ауылға өркениет игілігі мүлдем жетпеген. Шекара шебіндегі Матабайда мүлдем сигнал жоқ. Халық жедел-жәрдем де шақыра алмайды. Ал Ақжайлау ауылының тұрғындары өздері роутер орнатып алған. Мәселені шешу үшін жергілікті билік «Старлинк» жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл іс келер жылы басталады.
САМАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, МАРҚАКӨЛ АУДАНДЫҚ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Аталған мәселені шешу үшін Қазақстан ауылынан 8-9 шақырым жерде осындай құрылығылар орнатылады. Қазіргі уақытта барлық дерек жиналып, жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.