Еліміз Республика күнін зор жетістіктермен қарсы алғалы тұр. Әлеуметтік- экономикалық салалар да оң өзгеріс бар. Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Ресми мәліметке сүйенсек, 2021- 2024 жылдар аралығында өсім қарқыны 3,5 мен 5 пайыздың арасында болған. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім де айтарлықтай артқан. 2019 жылы 9,8 мың доллар болса, биыл 14 мың доллардан асты. Енді Үкімет алдына жаңа міндет қойылды. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті еселеу тапсырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.