Ақтауда Республика күні қарсаңында «Ұлы дала мұрагерлері» шеруінде- бір мезетте жүзден астам оқушы домбыра тартты.
Оған Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Қос перне» домбырашылар ансаблі қатысып, үш шығарманы орындады. Оқушылар өз өнерімен жерлестерінің патриоттық рухын оятуды мақсат еткен. Олар көпшілік алдында Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін, «Ер Тұран» және «Жастар биі» күйлерін орындады. Зияткерлік мектептің мұндай шарасы жыл сайын дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.