Алматыда жаңа төселген жол жабыны опырылып қалды. Шұғыл тексеріс жүргізілді. Инженерлік желілердің сапасын қадағалауы тиіс компания өз міндетін дұрыс орындамаған. Осыдан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аккредиттеу құқынан айырылды. Құрылыс бақылау басқармасы қазір қала бойынша жүйелі түрде тексеріс жүргізіп жатыр.
АРМАН БАТЫРХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын «Алатау Сапа Құрылыс» компаниясы аккредитациялық куәлігінен айырылды. Қазіргі таңда бұл компанияның техникалық бақылау жүргізуге құқығы жоқ. Сонымен бірге құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарды бұзғаны үшін «Спецкоммунстрой» мердігер ұйымы да жауапқа тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қазан айының соңына дейін мерзім берілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.