Активтерді қайтару саясаты мектеп тапшылығын шешудің тиімді тетігіне айналды. 2022 жылдан бері Қазақстанға 1,3 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылған. Бұл қаржы мектептерге, ауруханаларға, спорт залдары мен ауылдарға арналған жаңа жобаларға айналып жатыр. 2019 жылдан бері 1200-ден астам мектеп салынды, бұл 1 миллионнан астам жаңа оқушы орны деген сөз. Тек 2023-2024 жылдары 500 мың балаға арналған 422 жаңа мектеп ашылды. Биыл 267 мың оқушыға арналған 232 мектеп салу, жұмыс істеп тұрған 245 мектепті жөндеу, мың ауыл мектебін жаңғырту және тағы 680 білім ордасын заманауи кабинеттермен жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл үдерісті қарапайым халық та қолдайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.