Өскеменнің қақ ортасындағы аллеяда біраз ағаш оталды. Мұны жергілікті тұрғындар телефонға түсіріп, әкімдікке шағымданған. Жергілікті билік өкілдері аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Жер учаскесі осыдан 20 жыл бұрын жекенің қолына өтіп кеткен. Кейін бірнеше рет сатылып, 2019 жылы оның нысаналы мақсаты өзгертілген. Шаhар басшысының сөзінше, жер телімі алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтарылады. Келтірілген шығын екі есе мөлшерде өтелмек. Ал кесілген ағаштардың орнына қылқанжапырақты көшеттер егіледі.
АЛМАТ АҚЫШОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
— Бұл учаске коммерциялық мақсатта пайдаланылмайды. Қаламызда мұндай құрылыстарды тоқтатуымыз керек. Дәл осы аумақ тұрғындарға арналмақ. Яғни біз мұнда сквер салуды жоспарлап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.