Астанада полиция қызметкерлері аз уақытта бірнеше ұрлық пен алаяқтық деректерін ашып, күдіктілерді ұстады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 48 сағат ішінде үш бірдей ұрлық жасаған. Алғаш рет монша кешені маңындағы көліктен 2 ұялы телефонды қолды қылған. Кейін тұрғын үй ауласында тұрған автоның ашық есігін пайдаланып, ақша ұрлаған. Келесі күні азық-түлік дүкенінің кассасынан 50 мың теңгені алып кеткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.