Жамбыл облысында 70 жастағы қария ауласын цитрус бағынa айналдырған

Жамбыл облысының Ақыртөбе ауылында 70 жастағы Әбдімұтал Халматов үйінің ауласын нағыз цитрус бағынa айналдырды. Зейнетке шыққанына жеті жыл болған ақсақал қол қусырып отырмай, жылыжай салып, бақша ағаштарын өсірумен айналыса бастаған. Алғашында тәжірибе ретінде Ташкенттен бірнеше лимон көшетін әкеліп отырғызыпты. Нәтижесі ойдағыдай болған соң, ағаш санын 12-ге дейін көбейтіп, былтыр 750 келі лимон мен 20 келі анар жинаған. Биыл 43 ағаштан екі тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Жыл соңына қарай бақта банан мен апельсин де піседі. Баққа күтім жасауға бірнеше жұмысшы көмектеседі. Сонымен қатар ақсақал мал шаруашылығымен де айналысып, 70 жылқы мен елуге жуық қоян ұстайды.
———————————————